2024 жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Сурет: pixabay
Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия өндіруші компаниялардың 55-тен 31 тобы үшін электр энергиясының шекті тарифтерін арттыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, тарифтер:

Бұған дейін тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кірсе, жаңа тізімге тағы 5 топ қосылды.

Энергетика министрлігі түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз шығындардың өсуімен байланысты.

"Сонымен, берілген өтінімдер бойынша жанар-жағармай құнының (көмір, газ) өсуі көлік шығындарын есепке алғанда 9-32%-ға дейін ауытқиды. Бұл ретте жанар-жағармай шығындары жалпы шығындардың шамамен 60%-ын құрайды. Шығын материалдары мен қосалқы бөлшектер құнының әр түрлі тауарлар бойынша 8-53% шегінде өсуі күтіледі. Бағаның өсуі инфляцияның өсуімен де, логистикалық шығындардың өсуімен де байланысты", - делінген негіздемеде.

Сондай-ақ шекті тарифтер жобасында өндіріс қызметкерлерінің жалақысын инфляция деңгейінен кем емес арттыру да ескерілетіні көрсетілген.

Сонымен қатар, тарифтердің көтерілуі жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мен жабдықтардың қымбаттауына, өндіру уақытының ұзақ болуына және жөндеу науқанының белгіленген мерзімдерін орындау үшін көрші елдерден жеткізілуіне байланысты.

Құжат 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап электр энергиясына шекті тарифтер көтерілген болатын. Содан кейін 50 топтың 16 тобында тарифтер өзгеріссіз қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды