2025 жылы Алматы көшелеріне 100% жарық тартылады

Сурет: pixabay
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.

Депутаттар алдында сөз алған қала басшысы мәселенің өзекті екенін атап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 18 тамызда өткен кеңесте бұған баса назар аударғанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматы әкімдігі бірқатар шара қабылдады. Алмалы ауданында сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

"Бүгінде өтінімдерді пысықтау мерзімі 20 тәуліктен 5 тәулікке дейін – 4 есеге азайды, 4 829 шам ауыстырылды, 49,3 км сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде ауданның жарықтандыру деңгейі 53%-дан 75%-ға дейін өсті. Қаланың қалған 7 ауданы бойынша сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау биыл қарашадан бастап аудандық деңгейге берілді", - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етуге 9,9 млрд теңге, электр қуатын төлеуге қосымша 3,1 млрд теңге бөлу ұсынылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сапалы сыртқы жарықтандыру 2024 жылы 85%-ға жеткізіледі, 2025 жылы қала 100% көше жарығымен қамтамасыз етіледі, деді Ерболат Досаев.

Анықтама: қазір міндетіне салғырт қараған жауапсыз мердігерлердің кесірінен 2018 жылы жасалған шарт бойынша МЖӘ аясында жеке әріптеспен сот талқылауы жүріп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек