Маңғыстауда 10 жастағы қызға интимдік сипаттағы хабарлама жазған жігіт ұсталды

Сурет: видео скрині
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған.

Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.

"Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін