Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл Қазақстан Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтеді. Маңызды күнді мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар мәдени, ресми, спорттық іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ түрлі фотокөрмелер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

- 13 желтоқсан күні сағат 11.00 - де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында "Бостандық ауданы әкімінің кубогы" үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.

- 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында "Тәуелсіздік – ел мерейі" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

- 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.

- 18 желтоқсан күні сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз