Алматыда қала маңына қатынайтын оныншы жаңа бағыт іске қосылуда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанынан бастап Б. Момышұлы метро станциясы мен Ашекеев кенті арасында қатынайтын №244 жаңа қала маңы маршрут іске қосылады.

Желіде 13 минут жиілікпен 13 жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.

Алматы агломерациясын дамыту аясында биыл Қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңы маршрутын ашуды жоспарлаған болатын.

Бұл ағымдағы жылы іске қосылған қала маңына қатынайтын оныншы бағыт.

Бұған дейін 9 бағыт іске қосылған: №216 "Дәулет кенті - Алматы-1 т/ж вокзалы", №223 "Туғанбай кенті – Нұра кенті – Алматы-1 т/ж вокзалы", №232 "Жүздібастау кенті – Алматы-2 т/ж вокзалы", №233 "Қараой кенті – Саяхат", №234 "Еламан кенті - Алтай-1 ш/а (ВАЗ)", №235 "Исаево кенті - Сәлем базары", №236 "Қарғалы кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы", №240 "Батыр кенті – Адем-1 СҮ" және №247 "Мыңбаев кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы".

2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды