Астаналықтар енді жол ақысын жаңа әдіспен төлей алады

Сурет: Facebook/CTS
Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік ақысын жаңа әдіс – Bluetooth арқылы төлей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 21 желтоқсан күні "City Transportation Systems" ЖШС мәлім етті.

"Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арнасы арқылы төлеуге болады", – делінген компанияның Facebook желісінде жарияланған хабарламасында.

Төлемнің бұл түрі Avtobys мобильды қосымшасы арқылы жүргізіледі: Ол үшін:

  1. Avtobys мобильды қосымшасын жүктеу.
  2. Қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу.
  3. Мобильды қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.
"Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздың Bluetooth қосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз".City Transportation Systems

Компания әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақы төлеудің электронды жүйесінің жабдықтары орнатылған автобустарда жүргізілетінін ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда 21 наурыз күні Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Астанада көпбалалы ер адам токқа түсіп, мерт болды