Ол аталған қайғылы жағдай, ең алдымен, осы салада реттеудің жоқтығын көрсетіп бергенін атап өтті.
"Бұл - үлкен трагедия. Бір мезетте өрт кезінде 13 адам қаза тапты", - деді қала әкімі.
"2016 жылдан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс саласын либералдау кезінде... Нысанның мақсатты белгісі дүкен болған. Олар оны басқаруға алып, хостелге айналдырып жіберген. Бұл хабарлау тәртібімен жүзеге асырылатын нәрсе. Олар сол тәртіп бойынша ТЖД-ға өтініш жолдамаған, мысалы, өздерін тексеру жайында. Неліктен тыйым салынған жертөледе хостел ашқан дегендей". Ерболат Досаев
Әкім 1 қаңтардан кейін ШОБ артық пайда табу үшін жанталасқаны қойып, қажетті талаптарды толық көлемде орындауға көшеді деп сенім білдірді.
"Ол арада студенттер, курьерлер ғана болмаған... Алматыда 35 ЖОО, 200 мыңға жуық студенттің болуына байланысты. Бірақ бізде жатақхана тапшылығы бар. Себебі студенттердің 62%-ы - сырттан келетіндер. Бізде 32 мың орын тапшылық бар. Әкімдік және жоғары оқу орындары бірлесе отырып, 2030 жылға дейін осы тапшылық мәселесін қалай шешетініміз туралы бағдарлама дайындадық. Биыл біз 4000-ға жуық орынды енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы да солай. Инвесторлардан 42 мың орынға арналған 114 өтінім келіп түсті. Оның 30 мыңнан астамы қайтадан салынып, тағы бір бөлігі қазіргі әкімшілік ғимараттарды қайта жаңғырту болып табылады". Ерболат Досаев
Бүгінгі таңда ресми түрде 32 хостелде 3800 студент тұрады.
Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде 30 қараша күні таңертең өрт болып, 13 адам қаза тапты. Олардың арасында студенттер де бар. Ауруханаға медициналық көмекке тағы төрт адам жүгінді, бір әйел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Өрт фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралы жүргізіліп жатыр.