Алматыда заңсыз сатылып жатқан 400 келіден астам пиротехникалық өнім тәркіленді

Сурет: pixabay
Тек өткен тәулікте екі базарда жүргізілген тексеру барысында сертификатсыз, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 9-ға жуық дерегі анықталды.
"ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заңсыз бөлшек сауданы ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тыйым салынған немесе шектелген тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз саудалау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 400 келіден астам сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер тәркіленді. Жоғарыда аталған базарлардың әкімшіліктеріне құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті тапсырмалар берілді", – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Айдос Құсайынов.

Жаңа жылды тойлау қарсаңында Алматы полициясы, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң түрде ұсынады, азаматтардың назарын сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды сату үшін арнайы бөлінген орындардан сатып алуларына аударады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін