Атырауда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Атырауда жұмыртқа бағасы күрт өсті. Қазір бір жұмыртқа 68 теңгеден сатылып жатыр. Бір аптаның ішінде 10 теңгеге қымбаттаған.

Жергілікті билік бағаның өсуіне тауардың өзіндік құны жоғарылауы сеп болған дейді. Жалпы өңірге жұмыртқаның 90 пайызы басқа аймақтардан әкелінеді.

Ал аймақтағы жалғыз құс фабрикасының жұмысы соңғы уақытта тұралаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Зауыт әзірге бір ғана қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Келер жылдан бастап, қуаттылықты 4 есеге өсіріп, өңірдегі тұтыну қажеттілігінің тең жартысын жаппақ.

"Қазіргі уақытта біздің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне жататын тек қана с1 жұмыртқасы жатады. Ол қазір арнайы 36 нүктеде 61 теңгеден сатып алынып жатыр. Біздің шекті баға ол 62 теңге." Алтынай Ерубаева, Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз