+17°C жылы, тұман және көктайғақ: Астана, Алматы және Шымкенттің ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжам бойынша, елордада көшпелі бұлт шығады. Тұман басып, көктайғақ болады. Ал елдің екі ірі мегаполисінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, +17°C-қа дейін жылиды.

Астана

23 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0°C шамасында;

24 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0°C шамасында;

25 желтоқсан көшпелі бұлт шығады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 0+2°C.

Алматы

23 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +6+8°C;

24 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +8+10°C;

25 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.

Шымкент

23 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +12+14°C;

24 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +13+15°C;

25 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°C, күндіз +15+17°C.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты