Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамалды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобустың жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) және ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

Кейінірек полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. 

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жантүршігерлік оқиғадан жеті адам зардап шеккенін, олардың арасында бір бала бар екенін хабарлады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды