Алматыда автобус бір топ адамды жапырып өтті: полиция түсінік берді

Алматы полиция департаменті жантүршігерлік апатқа байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство бүгін, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-маршруттағы автобустың жолаушысы (жеке тасымалдаушы - "ДуманТрансКом" ЖШС) жанжал салдарынан есінен танып, көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрғанын хабарлады.
”Басқарылмайтын автобус аялдаманың жанында тұрған адамдарға, сондай-ақ төрт көлікпен соқтығысқан. Осы оқиғаның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды”, - делінген полиция таратқан хабарламада.
Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript