Полиция Боралдайдағы "маньяк" оқиғасына қатысты түсінік берді

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2023 16:51 Сурет: pixabay
Алматы облысы полиция департаменті Боралдай ауылындағы "маньяк" оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Боралдай ПБ қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді автобус жүргізушісінің ұстап, жібермей қойғаны туралы фактіні тексерді. 4 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Боралдай ауылында "Сұңқар" дүкенінің жанында екі кәмелетке толмаған бала - 7-сынып оқушылары қар лақтырып, №227 автобустың алдыңғы әйнегін сындырғаны анықталды. Автобус жүргізушісі бірден тоқтап, қашып бара жатқан кәмелетке толмаған екі жасты қуып жетіп, бірін автобусқа салып алған. Жүргізуші жағдайды талқылап, олардың ата-анасын шақыртпақ болған. Бірақ аялдамалардың бірінде кәмелетке толмаған бала автобустан сытылып шығып, қашып кеткен. Осы факті бойынша кәмелетке толмаған екі баладан, сондай-ақ 1983 жылғы автобус жүргізушісінен сұрақ-жауап алынды". Алматы облысы ПД

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының автобус жүргізушісіне қарсы шағымдары жоқ.

Аталған факт бойынша қылмыстық құрамның болмауына байланысты материалды номенклатуралық іске қосып, есептен шығару туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде № 227 автобус жүргізушісі көшеде 13 жасар баланы ағасының көзінше жұлқылап көлігіне салып, белгісіз бағытта алып кеткені туралы жазылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: