Алматыда Абай даңғылындағы автобустың жол апатына қатысты полиция түсінік берді
Сурет: ALMATY_KRIS_P
Абай даңғылында троллейбустар мен автобустар соқтығысып, орын алған жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Екі көлік құралына да механикалық зақым келген. 8 қарашада Алматы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты осылай түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция нақтылап өткендей, аталған жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында сағат 15.00-де орын алған. Қоғамдық көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, сол жаққа қарай бұрылып жатқанда сол бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көлік те механикалық тұрғыда зақымданды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-ның қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр, - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
8 қарашада Алматыда троллейбустар мен автобустар соқтығысты.
Оның алдында қалада Төле би-Абылай хан көшесінің қиылысында жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысқан. 21 адам медициналық көмекке жүгінді. Қос автобустың соқтығысу сәтінің видеосы желіде жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript