Алматы-Бішкек тас жолындағы ірі жол апатына қатысты полиция түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полиция департаменті 14 наурызда Алматы-Бішкек тас жолында орын алған ірі жол апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы-Бішкек тас жолының 30-шы шақырымында 60 жастағы "MAN" жүк көлігінің жүргізушісі бұрылыс жасап, 23 жастағы ер адам тізгіндеген "HOWO" маркалы басқа жүк көлігімен соқтығысқан.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жиналды.
Екі көлікке де механикалық зақым келген, басқа зардап шеккендер жоқ.
Алдында Алматы облысында ірі жол апаты орын алғаны, көлік сататын "Барыс" базары алдында екі жүк көлігі соқтығысып, талқандалып қалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript