Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрынғы жігітінен зәбір көрген қыздың оқиғасына қатысты полиция түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 22:02 Сурет: Telegram/polisia.kz
"НеМолчиKZ" қоры бұрынғы жігіті аяусыз қорлап-сабаған бойжеткеннің оқиғасын желіде жариялады. Сорақысы сол, бұл жігіт бұрын да аталған азаматшаға зорлық-зомбылық көрсетіп, бірақ жазадан сытылып кеткен. Осы жайтқа қатысты полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта Б. есімді азамат стационарлы түрде медициналық мекемеде емделіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының орталық аудандық ауруханасының хабарламасы және Б. есімді азаматтың арызы Талғар ауданының ПБ-да тіркелді, деп хабарлайды polisia.kz-ның telegram арнасы.


Аталған фактіге сәйкес, 2001 жылғы О. есімді  күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Жағдайларды зерттеу жоғарыда аталған бөлімшенің қызметкерлеріне жүктелді. Тергеу барысында ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады, делінген хабарламада.


Полиция департаментінің басшылығы қылмыстық іс бойынша тергеу барысын өз бақылауына алғаны нақтыланады.

Айта кетсек, "НеМолчиKZ" қорының нақтылауынша, 3 қаңтарда сағат 23-00 шамасында алдап-сулап қызды үйінен шығарып алған Оңталап деген жігіт оны қаланың сыртына алып шығып, Алатау тас жолының бойында аясыз тепкінің астына алып, жартылай шешіндіріп, видеоға түсірген. Мұрнын сындырған, бетін пышақпен тілген. Сөйтіп видеоны желіге жүктеген. Бір жарым жыл бұрын ол қызға тағы осылай зорлық-зомбылық көрсеткен, ол кезде іс қозғалғанымен, қаскөй жазадан сытылып кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: