Жаңалықтар тізбегі
0

Өз адамдарын өздері сабаған желідегі видеоға қатысты Алматы полициясы түсінік берді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 16:00 pixabay.com
Алматы полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді.

Алматы қалалық полициясы интернетте пайда болған ер адамның полиция қызметкерін ұрған видеосынан кейін тексеру бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодан ақ көйлек пен шалбар киген ер адамның полиция қызметкерін ұрғанын көруге болады. Видео астында оған түсініктеме де беріле кеткен.

Сәлеметсіздер ме! Видеода ақ жейдедегі Наурызбай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары. Полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы, жекпе-жектен спорт шебері ретіндегі шеберлігін қолдана отырып, жас офицерлерді жүйелі түрде осылай ұрады. Департамент басшылығы бұған назар аудармайды, мен жұртшылықтың назарын осы мәселеге аударуды сұраймын. Оның жанында, яғни Жақыпбаевқа көмектесіп, жас қызметкердің қолын ұстап отырған Криминалдық полиция басқармасының орынбасары Тұрымбетов Ерлік, - делінген.

Алматы полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді.

Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында видео зерттеліп, мән-жай анықталады. Алматы қалалық ПД Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды, - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Полиция қызметкерін ұрып-соғу оқиғасына қатысты видеоның толық нұсқасы жарияланды

Тағы да: Алматыда қол астындағы адамына қол көтерген полиция қызметкері жұмыстан босатылды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: