Желідегі төбелестің видеосына қатысты Алматы полициясы түсінік берді

tvkrasnodar.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 16:53 tvkrasnodar.ru
Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді.

Қып-қызыл төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоның сипаттамасында төбелестің қала ортасындағы "Қазақстан" қонақ үйіне қарама-қарсы жерде болғандығы айтылған.

- Төбелес Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды. Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шара қолдану үшін құқықтық баға беріледі, - деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментіндегілер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: