Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртастың масқара видеосына қатысты анасы түсінік берді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 20:20 видеодан алынды
24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік - Гүлзира Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың әлеуметтік желілерде тараған масқара видеосына қатысты жауап беріп, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Продюсердің айтуынша, Қайратты қаралап, масқаралағысы келгендер дегеніне жеткен.

"...Маған ақталып қажеті жоқ. Сонда да болса, жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға. Тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасалынып отырған түрлі әдістері қара пиғылды азаматтардың елді дүрліктіруде. Барлық уатсаптарға түгел таратылсын деген дауыстық хабарламаларды қаптатып, жұмыс жасалынуда. 24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік...

Біресе әр шыққан әншімен салыстыру бітпейтін шегі жоқ өсек, әйтеуір мін іздеу. Еліміздің басты мәселелері орын алып жатқанда, Қайрат кімнің қытығына тиді екен? Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау мұның қасында түк болмай қалғандай, бүкіл уатсапқа таратылсын деп дүрліктіріп әлек. Әрбір істің артында қайыры бар демекші, Алла қайырын берсін! ", - деп жаздыі Қайраттың анасы.

Продюсер шындықты жазған Сакен Майғазиевке, ұлын жақтап жазба жариялаған композитор, филолог Ғалия Шаудырбаева өз алғысын білдіріпті.

Еске сала кетсек, бірер апта бұрын әлеуметтік желіде Қайраттың концерт беру кезіндегі видеосы елге жаппай тараған. Видеода әнші фонограмасыз ән айтамын деп,шиқылдап, қиқылдап қалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: