Ақтау полициясы желідегі екі баланың эротикалық "ойнына" қатысты түсінік берді
видеодан алынды
Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.
Куәгерлер екі бала арасындағы жыныстық қатынасқа ұқсайтын әрекетін видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облысының полиция басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бұл ерсі әрекет Ақтау қаласының 12-шағын ауданында болған. Полиция желіде жарияланған видеоны жіті зерттеп, 19 шілдеде ондағы екеуді анықтады. Екеуі де мектеп жасындағы жас бала болып шықты.
- Балалар интернетте бұрын көрген эротикалық видеодағы әрекеттерді еліктеп, қайталаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-бөлігі бойынша (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (Содомия, лесбиянизм немесе сексуалдық сипаттағы басқа әрекеттер, жәбірленушіге (жәбірленушіге) немесе дәрменсіз күйдегі басқа адамдарға қатысты оны қолдану қаупімен) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Тергеу мақсатында басқа ақпараттар жария етілмейді, - деп толықтырды сөзін ведомстводағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript