Қызылордалық полицейлер тұрғынға қоңырау шалып, ақшасын жымқырған алаяқты қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.

Оның айтуынша, белгісіз біреу телефон нөміріне хабарласып "Ұлттық Банк қызметкерлеріміз, белгісіз біреулер атыңыздан несие алайын деп жатыр" деп сеніміне кіріп, 5 млн теңге ақшасын аудартып алған.

Полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Облыс тұрғындарын ескертеміз! Алаяқтар сіздерге қоңырау шалып, өзін банк менеджері, болмаса қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады.

Мақсаты – сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу. Алаяқтардың сізді алдауы үшін айтатын бірнеше тәсілі болады. Олар көбіне сіздің шотыңыздан "дәл қазір алаяқтар ақша аударуға тырысып жатыр" деп дүрліктіреді.

"Шотыңыздағы ақшадан айырылып қалмас үшін сақтандыру шотына аударуыңыз керек" деп сендіруге тырысады.

Осылайша сізді алдап жалған шотқа немесе өзінің тікелей шотына ақшаны аудару үшін қулыққа барады. Алаяқтар үш нәрсе сұрауы мүмкін.

Біріншісі – банк карта нөмірін, екіншісі – картаның артындағы CVV кодты, үшіншісі – телефоныңызға келген SMS-кодты. Оларды ешкімге айтуға болмайды.

Шынайы банк қызметкері ешқашан жеке ақпаратыңызды сұрамайды, өйткені банкте сізге қатысты бүкіл ақпарат бар.

Егер таныс емес нөмірден қоңырау шалып, сізден жеке ақпарат сұрай бастаса, жауап бермеңіздер, дереу байланысты үзіңіздер.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды