Сауда саласына өзгеріс енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
Жуырда даладағы базарлардың барлығы жаңартылады. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деді.

Жоспар бойынша 2025 жылға дейін олардың барлығы сауда орталықтарына көшіріледі. Себебі даладағы сауда өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптарға, қала құрылысының стандарттарына сай келмейді. Бүгінде ел бойынша 722 универсалды базар бар.

Оның басым бөлігі жабық дүкендерге көшірілген. Алдағы екі жылда қалған 74-ін жаңарту жоспарланып отыр. Алайда сауданы жайлы жерге көшіру бағамен күресті қиындатады, деп жазады qazaqstan.tv.

Халық көп келетін, таңдау мол жерде жалға беру бағасы қымбаттайды. Салдарынан саудагерлер тауарының бағасын өсіреді.

Өндіруші мен дүкеннің арасында жүретін делдалдар да қымбатшылыққа себепкер болып отыр.

"Тиімсіз делдалдарды жою және сауда заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың бақылау қызметі құрылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысы бақылау-фискалдық органдарды қосу жолымен күшейтілді. Ағымдағы жылы 1,7 мыңнан астам отырыс өткізілді, мыңнан астам тиімсіз делдалдар анықталды, мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды." Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды