Отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды

Сурет: Zakon.kz
Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге қарастырылған.

Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі.

Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады, деп жазады qazaqstan.tv.

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.

"Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген." Асылбек Идрисов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды