Қолайсыз ауа райына байланысты Түркістан облысындағы жолдарға үш блок-бекет қойылды

Сурет: видеодан алынды
Ауа райының нашарлауына байланысты Түркістан облысындағы тас жолдарда үш блок-бекет қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс аумағында қалың қар жауып, боран борап тұр. Осы ретте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы кезекшілікке жұмылдырылған.

"Түркістан облысынан Жамбыл облысына қарай бағыта "Шымкент - Алматы" тас жолының Машат және Шақпақ ата асулары жабық. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін аталған учаскеде үш блок-бекет орнатылды", делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарды шұғыл қажеті болмаса алыс жолға шықпаған жөн екенін ескертеді. 

Айта кетсек, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің сегіз облысында көлік қозғалысы шектелгені хабарланған болатын. 

Тараз
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы