Еліміздің сегіз облысында көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың кейбір учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
- Ақмола облысы – 14 учаске;
- Жамбыл облысында – 1 учаске;
- Жетісу облысында – 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 3 учаске;
- Қостанай облысында – 5 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске;
- Түркістан облысында – 1 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ болғандықтан, бұл өңірлерде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
"ҚазАвтоЖол" қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 техника жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript