Сырдарияда сең жүріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Сырдарияда сең жүріп жатыр. Күн райының жылуынан қаңтарда мұз еріп, өзен деңгейі едәуір көтерілді.

Бүгінде облыс аумағына жоғарыдан секундына 429 текше метр су құйылып жатыр.

Қазіргі таңда сең Қызылорда қаласынан 83 шақырым жердегі Жетікөл жарма аумағына жетті. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан мамандар Сырдариядан аса бір қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен, өзен бойында су басуы ықтимал 29 аймақ белгіленген.

Онда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, тасқынның алдын алуда арнайы құрылымдар мен техникалар тас-түйін дайын отыр.

"Қаланың төңірегі осы ПМК саяжайында дарияның деңгейі көтерілу белгісі байқалады. Өйткені, мұздың жиілеп жайлап Қызылорданың төңірегіне келе жатқандықтан. Дегенмен, 2,5-3,5 метрдей бізде ара қашықтық запас бар қорғаныс бөгетінде." Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД бөлім бастығы


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды