ҰҚК лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікпен ер адамды ұстады

Сурет: gov.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікпен азаматтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.


"Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелуде. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды." ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады