4 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,93 теңгеге төмендеп, 456,09 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,82 теңгені (-0,20) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 499,84 теңге, рубльді 5 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 456,2-458,8 теңгеге, еуро 499-502 теңгеге, ресей рублі 4,85-5,01 теңгеге сатылуда.

Ал 4 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы 0,46%-ға өсіп, барреліне 78,61 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,67%-ға өсіп, барреліне 73,19 долларды құрады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: