Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Өкінішке қарай, қаза тапқандардың саны үш адам болды", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден үшінші адамның мәйіті табылып, шығарылғанын хабарлады.
"Төтенше апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмысты құрылыс құрылымдары көптеп қирағандықтан қиындатып отыр. Ғимараттың зақымданған бөліктері оқиға орнында жүрген құтқарушыларға қауіп төндіріп тұр, ғимарат толығымен бөлшектеліп жатыр". Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің күштері – барлығы 190 адам мен 50-ден астам техника жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнында қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабының 8 (7112) 55-40-88 сенім телефоны жұмыс істеп тұр.
Оралда 2024 жылғы 4 қаңтарға қараған түні газ жарылып, салдарынан Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлады. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, бесеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.