Құс фабрикасынан 1800 жұмыртқа жымқырған жұмысшылар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам құс фабрикасындағы қоймасынан белгісіз біреулер 1800 жұмыртқаны ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдікке ілінген көлік анықталып, тексерілді. Көлік ішіндегі үш ер адамнан шелектерге салынған тауық жұмыртқалары тәркіленіп алынды.

Олар 30-35 жас аралығындағы сол ферманың жұмысшылары болып шықты. Анықталғандай, олар күндізгі уақытта 10 шелек артық жұмыртқаны дайындап кетіп, түнгі уақытта қоймадан алып шыққан.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды