Астаналық полицейлер өзгенің шотынан ақша жымқырған алаяқты ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында ер адамның көшеде шылым шегіп тұрған жәбірленушіге тақалып, онымен әңгіме өрбіткені белгілі болды.

Ол өзін темекі өнімдері бойынша компанияның қызметкері ретінде таныстырып, бір қорап темекіні тегін ұсынған.

Күдікті жұмыс орнына есеп беру үшін жәбірленушінің телефоны арқылы белгілі бір функцияларды орындау керек деген сылтаумен оның телефонын алған.

Осылайша алаяқ банктің мобильдік қосымшасы арқылы өзінің шотына 450 мың теңгені аударып алған. Алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты