Риддер қаласы сусыз қалды

Сурет: pixabay
Шығыстағы 55 мыңнан аса тұрғыны бар Риддер қаласы сусыз қалды. Шаһар тіршілік нәрін алып отырған Громотуха өзеніне қар көшкіні түскен.

Салдарынан жергілікті гидро-электр стансасына келетін судың мөлшері мүлде азайып кетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Қаладағы кейбір шағын аудандарда кешеден бері су мүлде жоқ. Ал орталықтағы көпқабатты үйлер мен жекелеген нысандарда бар.

Оның өзінде қысым өте төмен. Жалпы Риддерге су қала сыртындағы гидро-электр арқылы жеткізіледі. Алайда, Громотуха өзеніне түскен қар көшкіні судың жолын бөгеп тастаған.

Кешеден бері өзен арнасын коммуналдық мекеме мамандары сумен шайып жатыр.

Ал қар көшкіні 45 шақырым алыста құлағандықтан, қалың қардан оған бару мүмкін емес.

Қала мүлде сусыз қалмас үшін кешеден бері осы салаға жауапты мамандар жерасты арқылы берілетін су тоспасын іске қосуға әрекеттеніп жатыр.

Бірақ ол қанша уақыт алатыны белгісіз. Ал бүгін Риддердегі орта мектептерде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді