Алматыда қанша қар жауды және қашан тоқтайды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда кеше, 2024 жылдың 15 қаңтарында кешке қар жауа бастады. Мегаполис билігінің мәліметінше, қарды тазалауға қаланың коммуналдық қызметі 400-ден астам техника мен мыңдаған жұмысшыны жұмылдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

14-15 қаңтарда Алматы қаласында биіктігі 4,5 мм жаңбыр мен сілбі қар түрінде жеңіл жауын-шашын болды, 15 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап қар қатты жауа бастады. 16 қаңтарда сағат 10:00 - де қалада 8 см - ге дейін қар жауды, Каменское платода -26 см, Шымбұлақ пен Үлке Алматы өзенінде 46 см.


"Көктайғақтың алдын алу мақсатында 156 құм таратқышпен көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себілді. 16 қаңтарда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 3 450 тонна КҚМ пайдаланылды." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 11 колонна қар күреді. Қазіргі уақытта жол жиектеріндегі қар тазартылды әрі қарды сыртқа шығару ұйымдастырылды.

176 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді механикаландырылған жинау жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін жұмысшылар тазартуда. Қар тазалауға 438 бірлік техника мен 1 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды