Шымкентте мұғалім оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған.

Мұны ұстазынан бірнеше рет таяқ жеген шәкірттердің бірі телефонға түсіріп алған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ата-аналардың айтуынша, мұғалім бұған дейін де, ұл балаларды бірнеше рет оңашада ұрған көрінеді.

Директорға айтқан болатынмын осындай жағдай қайталанып жатыр. Қалай хабарыңыз жоқ деп. Сол кезде ескерту беремін, қайталанбайды деген болатын. Міне ескертудің нәтижесі осындай болып тұр. Рита Аралбайқызы, ата-ана

Пән мұғалімінің бұған дейін де, еңбек заңдылығына байланысты сөгіс алғаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Ал мұғалімді бұнан да қатал жаза күтіп тұр.

"Оқушылардың барлығы осында жиналып отыр. Ата-аналар келеді. Бәрін жинақтап, құжаттандырып, қолымызда факт бәрі бар. Ата-аналардың арызы бойынша жұмыстан шығаруға әрекет жасаймыз." Ербол Жолтаев, мектеп директоры
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты