Қарағанды облысының полицейлері киікті сойып алған браконьерді ұстады

Сурет: Zakon.kz
16 қаңтар күні Қарағанды облысы полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері "Аңшылық Крафтметиз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорықшыларымен бірлесіп заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Сағат 21:00 шамасында полиция қызметкерлері Жезқазған – Қарағанды тасжолының бойында жол шетіне тамған қан іздерін көріп, онымен жүріп отырып, сол маңға жақын ауылға келген.

Жол шетіне тамған қан және көлік ізі полицейлерді ауылдың 65 жастағы тұрғынының үйіне әкелген. Полиция қызметкерлерімен үй иесіне тиесілі үйге жапсарлас орналасқан қораны тексеру барысында киік еті тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол жол бойынан әлсіреп қалған киікті көріп, қалтасындағы пышағымен сойып алған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды