Шымкентте 500-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Сурет: pixabay
Мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оны болдырмау, жаяу жүргіншілердің жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15-17 қаңтар аралығында "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан болған 4072 заң бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде, рөлде телефон пайдаланған 276 тұлға, қауіпсіздік белдігін тақпаған 391 адам, маневр жасау қағидасын бұзған 112 азамат пен жол жүру қағидаларын бұзған 519 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған қоса, 97 автокөлік айыптұраққа қойылды. Қала полицейлері азаматтарға жол жүру ережесін қатаң сақтауды және жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғаларға құрметпен қарауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты