ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан және Бангладеш азаматтары елден шығарылды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайды тексеру кезінде Қазақстанда болуға рұқсат етілген мерзім өткеннен кейін елден кетуден жалтарғаны үшін Бангладеш Республикасының екі азаматы мен Тәжікстан Республикасының бес азаматын анықтады.

Полицейлер шетелдік құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, материалдарды Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

Сот қаулысымен шетелдік азаматтар кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ осы құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасына 5 жыл ішінде кіруге шектеу қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 95 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соттардың қаулысымен 18 шетелдік азамат елден шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты