Түркістан облысында шекарадан өтпек болған азаматтан гашиш табылды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында телефонның қаптағышына гашиш есірткісін жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік ер азамат ұсталды.

Келес аудандық полиция бөліміне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау қызметінен Өзбекстан Республикасының азаматы есірткі алып өтуі мүмкін деген хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, күдік тудырған шетелдік азаматты анықтады. Тексеру барысында телефонының қаптағышынан есірткі заты анықталды.

Ер азамат Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өз көлігімен өтпекші болған. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша гашиш есірткісі болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда. Шетел азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді