Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
37 жастағы ер адам төмендетілген бағамен баспана алу қызметін ұсынды. Белгілі болғандай, оған сенгендер аз болмаған.
 "Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды