Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда есірткінің рекордтық партиясын тәркіледі

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттарды ірі көлемде өндіруді жойды. Синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

"Тінту кезінде 200 кг астам "мефедрон" есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды. Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді. Алынған "мефедрон" көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті." ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған.


"Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды." ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды