Қазақстандағы ауруханалардың бірінде 758 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

Сурет: primeminister.kz
"Антикор" ұйымының ресми өкілі Арман Тілеукенов 24 қаңтарда өткен апталық брифингте Жамбыл облысындағы қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Арман Тілеукеновтың сөзінше Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Залал сомасы 758 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді