Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Еңбекші АПБ-ға алаяқтық туралы арызбен үш азаматша жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Күдікті бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге.

Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда, әйел қамауда отыр. Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз