Оның айтуынша, зардап шеккен бес адамның үшеуі ауруханада жатыр, екеуі амбулаторлық емделуге жіберілді.
"Бұқар жырау аудандық ауруханасында екі ересек науқас емделіп жатыр, бір жәбірленушінің денесінің 80 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр, өте ауыр деуге болады, аралас жарақат алған. Екінші науқастың денесінің 26% күйік шалған, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, биіктікте аралас жарақат алған. Зардап шеккен бала санитарлық авиациямен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, жағдайы орташа ауыр, ауыр болып, жансақтау бөліміне жатқызылды". Бибігүл Төлегенова
Ол барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын атап өтті.
2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07-де Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде бөтелкедегі газ жарылған. Жарылыс салдарынан пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен төбелер, оның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен опырылған. Басқа пәтерлер де жартылай зақымданған.
Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, оның үшеуі бала. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі бала үйлеріне жіберілді.
Кейін Ботақара кентінде құлаған үйдің үйіндісінің астында қалғандардың барлығын құтқару жұмыстарының аяқталғаны белгілі болды.
Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали атқарушы орган жергілікті жерде төтенше жағдай жариялағанын айтты.