Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға тыйым салынады

Сурет: pixabay
Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға мораторий жариялануы мүмкін. Бұл туралы елдің экология министрі айтты. Оның сөзінше, осы өнімді шығаратын 47 зауыттың 23-і қазір жұмысын тоқтатқан.

25 кәсіпорынды тексеру кезінде олардың 90%-ның экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.

Ауаны ластап жатқан нысандар керісінше жасыл желекті көбейтуге міндеттеледі.

Яғни, құрылыс материалдары мен энергия өндіруші кәсіпорындар, металлургиялық зауыттар аумағы 5 гектардан кем емес жерге ағаш отырғызуы тиіс.

Ташкентте ауаның сапасын көрсетіп тұратын арнайы мониторлар орнатылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауыр жүк көліктері мен шығарылғанына 10 жылдан асқан машиналардың жүруі шектеледі.

"Қала құрылысы мен жол қозғалысына жауапты барлық деңгейдегі басшылар "Жаяу жүргіншілерге арналған қала" ұранын басты қағида ретінде ұстануы тиіс. Бұл ретте қоғамдық көлікке басымдық берілсін. Ал автокөліктер тек сән-салтанатқа айналуы керек." Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан республикасының президенті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды