Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақпан айында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істейтін болады.

СҚО полицейлері мүдделі органдармен бірлесіп аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтар бойынша рейдтерге кірісті.

Мақсаты – табиғи ресурстарды браконьерлік пайдалану, аң және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.

"Қазіргі уақытта тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын атап өтеміз. Осы қыста жануарлардың көші-қонының өзгерген жолдары облыста көптеген еліктердің пайда болуына әкелді. 3 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен көзделген қылмыстық жауапкершілік төнетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз", — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Сондай-ақ, СҚО ПД қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, жолдарда да еліктердің пайда болуы мүмкін екенін еске салады.

30 қаңтарда сағат кешкі 18:00 шамасында елік Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағына бет алған. Жануар қаланың ішінде адасып кеткен, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жергілікті тұрғындар бұл туралы "102" арнасына хабарлады.

Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында елікті ұстады.

Содан кейін аңшылар жануарды орманға апарып, табиғи ортасына жіберді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды