Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ЖҚЕ кез келген бұзушылықтарына "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайту.

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді.

Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда.

Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз", – деп атап өтті ІІМ. Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты