Қайғылы оқиға 2024 жылдың 4 ақпанында болған.
Дәрігерлер зардап шеккендердің барлығы бірден Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін түсіндірді. Тексеруден кейін ауыр жарақат алған төрт науқас санитарлық авиациямен көпсалалы облыстық ауруханаға жіберілді.
Екі баланың жақ сүйегінің сынуы анықталды.
"Екі бала мен бір ересек адам жеңіл жарақат алды. Сондықтан олар дереу үйлеріне шығарылды. Біздің Сандықтау аудандық ауруханасында тағы бес адам, оның ішінде үш бала ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, барлығы дәрігерлердің бақылауында. Қалған екі ересек пен екеуін балаларды облыстық ауруханаға жібердік". Жандос Маханов, Сандықтау аудандық ауруханасының бас дәрігері
Білім басқармасы 24.kz тілшісіне ішкі тексеруді бастағанын айтты.
Белгілі болғандай, мектеп оқушыларының КТК командасы облыс орталығындағы турнирге маршруттық автобуспен аттанған. Бұл ретте балаларды тек білім беру ұйымдарының көлігімен және әрқашан полицияның патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен тасымалдауға болады.
"Есіл ауданының білім бөлімі қазір бізге неліктен қарапайым автобусқа балалалрды мінгізіп жібергенін түсіндіріп жазып жатыр.Біз балаларды жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен автобустарымыз бен газельдерімізбен тасымалдау алгоритмін жасадық.Бірақ қандай да бір себептермен бұл орындалмады. Балаларды тиісті тәртіпте тасымалдауға шара қолданбаған мектеп директорлары, білім бөлімінің басшысы сөгіспен қатар, жұмыстан шығарылады". Шоқан Оразалин, білім басқармасының басшысы
Сөз соңында шенеуніктер қазір жағдай қолайсыз болса немесе көлік болмаса, мұндай шаралар кейінге шегерілетінін баса айтты.
Осы кезде Түркістан облысындағы мектепте жаппай улану орын алды: директор жұмыстан шеттетілді.