Астана полицейлері төленбеген 15 млн теңге айыппұлы бар жүргізушіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
29 ақпанға дейін "Борышкер" және "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр.

Полицейлер жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жүргізушілерді анықтайды.

Борышкерлерді патрульдік полиция полкінің мамандандырылған батальонының қызметкерлері автокөліктің жалпы ағымында "Қорғау" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтайды.

Рейдтік іс-шараларға "Қорғауды" пайдаланатын 156 маршрут жұмылдырылды. Рейдтік іс-шаралар өткізілген екі күн ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 100-ге жуық жүргізушіге хабарланды.

Мәселен, полицейлер Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісінің 15 млн теңге берешегі бар. Екіншісі, 35 млн теңгеден астам сомада берешегі бар Volkswagen Passat автокөлігінің иесі.

BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар әкімшілік бұзушылықтар бойынша берешегі шамамен 2 млн теңгені құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы