ШҚО-да бірнеше ауылды су басты

Сурет: Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Күн райының күрт жылынуы салдарынан шығыстағы Зайсан қаласы мен Қатонқарағай ауданындағы Жұлдыз және Көкбастау ауылдарын қарғын су басты.

Таудан еріген қар суы Зайсанда екі көшеге жайылды. Төтенше жағдай бөлімі мен аудандағы коммуналдық сала мамандары бірілесе қимылдап, суды арықтарға бағыттады.

Бұл жұмысқа жалпы 50 маман мен 15 техника жұмылдырылды. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ.

Ал Қатонқарағайдағы екі ауылдың шеткі көшелерін су басқан кезде мамандар бірден қимылдап, жолын бөгеді. 30 тоннаға жуық қиыршық тас төгілді.

Үйлердің ауласына жиналған су арнайы құрылғымен сорғызылды. Өскемен қаласындағы Ахмер кентіндегі бірнеше тұрғын үйдің ауласын да су басты.

Коммуналдық сала мамандары 5 техникамен келіп, суды арықтарға бұрып, жеке үйлерді қоршап қиыршық тас төкті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы