Алматыда бірнеше автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін, 2024 жылдың 13 ақпанында Райымбек даңғылында кемінде үш автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі оқиға орнынан.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын жолаушылардың бірі айтып берді.

Үш автобус қатар келе жатты. Бірінші автобус жүргізушісі күрт тежегішті басқан сияқты. Мұндайды күтпеген екінші жүргізуші бірінші автобусты артынан барып соққан. Ал үшінші жүргізушісі басқалардың артында келе жатқан. Бұрылып соқтығысудан құтылуға тырысқан көрінеді. Бірақ бәрібір автобус пен басқа көлікті соқты", - деп бөлісті куәгер.

Куәгердің айтуынша, бірнеше зардап шеккен – жолаушылардың бірінің аяғы сынған.

Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 15 адам зардап шекті.

Zakon.kz редакциясы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты